Жаңа туындысы әлеуметтік желіде бірден қызу талқыға түсіп, түрлі пікір тудырды.
«Өз-өзіне ырза»: Бағым Мақсатқызының жаңа әні қызу талқыға түсті
233
оқылды

Қазақстандық әнші Бағым Мақсатқызы «Ұшамын» атты жаңа әнін тыңдарманға ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңа туындысы әлеуметтік желіде бірден қызу талқыға түсіп, түрлі пікір тудырды. Желі қолданушыларының арасында «тыңдарман жүрегіне жетті» деген жылы лебіздермен қатар, жағымыз пікірлер де кездеседі.

Кейбір оқырмандар:

«Күйеуі рұқсат бермей, торға салып қойған екен ғой, кетті, енді ұшады», «Өз-өзіне ырза, әнші болу үшін ұят жоқ болса болды», «Бұл кім өзі? Қайдан шыққан?», «Әншіге ұқсамайды, даусы да жоқ», - деп жазды.

Соған қарамастан, жаңа әнін қолдап, сәтті шыққанын айтқандар да аз емес.