ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген.
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
112
оқылды

ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, - деп хабарлайды Aykin.kz Akordа-ға сілтеме жасап.

Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.

Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.