Рахмоновтың октагонға қайта оралуы 2026 жылдың алғашқы тоқсанына жоспарланып отыр
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
238
оқылды

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы рейтингте жоғарылады. UFC жаңартқан рейтингте «Номад» үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Қазір ол тек австралиялық Джек Делла Маддаленадан кейін тұр.

Рейтингтің үшінші сатысына ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри төмендеді. Ал жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы ретінде ресейлік файтер Ислам Махачев қала берді.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген. Ол кездесуде Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Алайда жекпе-жектен кейін алған жарақатына байланысты операция жасатып, ұзақ уақытқа спорттан тыс қалды.

Алдын ала ақпарат бойынша, Рахмоновтың октагонға қайта оралуы 2026 жылдың алғашқы тоқсанына жоспарланып отыр.