«Қазгидромет» 17 желтоқсандағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, көктайғақ болады және желдің күшейеді.
Елдің басым бөлігінде қар мен боран болады. Ерекше назар аударатын аймақ – Шығыс Қазақстанда қалың қар жауады деп болжанып отыр.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар жауады. Жолдарда көктайғақ болып, жел күшейеді. Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі, бұл жол көрінісін нашарлатады.
ТЖМ тұрғындарға алыс сапарға шықпауға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға кеңес береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.