Әнші, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншілер ұлын үйлендірейін деп жатыр. Әлеуметтік желіде видео жариялап, болашақ құдаларымен танысқанын атап өтті. Танысу сәтінде өнердегі әріптестері қолдап келгенін байқауға болады.
«Болашақ құдаларымызбен танысу шәйі. Қасымыздан табылған достарымызға рақмет!» - деді Жазира Байырбекова.
Желі қолданушылары отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр. Айта кетейік, өнерлі жұп бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.