ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ БІР КҮНДЕ ҮШ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛҒАН.
Бір күнде үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды
Фото: gov.kz
245
оқылды

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.

Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.

Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.

Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD  Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның трансплантологтар Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады.

Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет  бүйрек, 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.