Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтау салтанатында сөз сөйлеп, мемлекет жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді, – деп хабарлады Аikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.
– Еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна. Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық, – деді Президент.
Айта кетсек, бүгін Ақордада Президент Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдары, оның ішінде энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.