Отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.
Айбар Қайым кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем кубогында жеңімпаз атанды
156
оқылды

Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германиядағы кадеттер арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.

Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.

Айта кеткен жөн, бұған дейін де спортшы әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен.