Қазгидромет алдағы үш күнге, 18–20 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең циклон өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар, боран, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен жауын-шашын, көктайғақ болады, таулы аймақтарда боран соғады.
Республиканың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болуы ықтимал.
Ауа температурасы өзгереді.
• Елдің батыс өңірлерінде түнде температура -3…-18°С-тан 0…-5°С-қа дейін көтеріледі, күндіз негізгі фон -5°С…+3°С болады.
• Солтүстік-батыс аймақтарда түнде температура -7…-23°С-тан 0…-15°С-қа дейін, күндіз -3…-15°С-тен -0…-5°С-қа дейін өзгереді.
• Солтүстік және орталық өңірлерде түнде -15…-23°С-тан -5…-15°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-тен -3…-8°С-қа дейін болады.
• Шығыс өңірлерде түнде -12…-28°С-тан -7…-20°С-қа дейін, күндіз -7…-18°С-тен -5…-15°С-қа дейін .
• Елдің оңтүстігінде түнде -3…-20°С-тан -3…-12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон -0…-8°С болады.
• Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз негізгі температуралық фон 0…-5°С, таулы аймақтарда -8…-13°С .
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.