«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында бірқатар сала өкілдеріне құрмет көрсетілді. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев атаулы күнге орай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген және партиялық жобалардың табысты жүзеге асуына белсенді қолдау білдірген азаматтарды алғысхаттармен марапаттады.
Түрлі саланың мамандары марапатталды
140
оқылды

Мерекелік жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, партия қызметкер­лері, сондай-ақ заң саласының маман­дары, әлеуметтік қызметкерлер, жас спорт­шылар мен терроризмге қарсы ба­ғытта еңбек етіп жүрген құзырлы орган өкілдері қатысты.

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев жи­нал­ғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл мерекенің ел тарихындағы айрықша маңызына тоқталды.

– Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы, халқымыздың ең басты құндылығы. Бүгінгі жетістіктеріміз бен тұрақты дамуымыз – өз ісіне адал, елге қызмет етуді өмірлік ұстанымына ай­нал­дырған азаматтардың еңбегінің нә­тижесі. Сіздердің қоғам игілігі жо­лын­дағы қызметтеріңіз жас ұрпаққа үлгі, – деді партия филиалының төрағасы.

Марапатталған азаматтар көрсетілген құрмет пен сенім үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, мұндай тағылымды кездесулер мен марапаттау шаралары еңбекқор жандарды қолдауға, қоғамда­ғы белсенді азаматтардың беделін арттыруға және Тәуелсіз елдің құндылық­тарын дәріптеуге бағытталған.

Елнар ЕЛТАЙ