Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді.
Биатлоннан IBU кубогы: эстафеталарда Қазақстан атынан кімдер қатысады
Фото: ҚР ҰОК
90
оқылды

Бүгін, 17 желтоқсанда, Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, аралас эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қиныбаева өнер көрсетеді.

Ал аралас жеке эстафетада Полина Егорова мен Никита Акимов Қазақстан намысын қорғайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.