Әншінің анасы қызы қонақ болып келгенде құшақ жая қарсы алып, қуанатынын айтты.
«Қара шаңыраққа келдім»: Мақпал Жүнісова отбасылық видео жариялады
219
оқылды

 

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова қарт анасы мен туыстарын көпшілікке көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші туған жері Қарағандыға барып, қара шаңырақта дастарқан басында жақындарымен бас қосқан сәттегі бейнежазбаны жариялаған. 

«Қарағандылықтарға сәлем! Қара шаңыраққа келіп, мәз болып отырмыз. Аман болыңыздар!» – деп жазды әнші.

Әншінің анасы қызы қонақ болып келгенде құшақ жая қарсы алып, қуанатынын айтты.

"Мақпал Жүнісова келіп жатыр. Өзімнің қызым ғой. Алматы, Астанада өскен қыз. Әкесі анда сүйреп, мұнда сүйреп, әйтеуір өзінің өнерімен халықтың алғысына бөленіп жүр. Қазақстанның Халық әртісі болды. Келген сайын құшақ жая қарсы аламыз. Жылына 1-2 рет келеді", - дейді анасы. 

Желі қолданушылары жылы көрініске сүйсініп, ақ тілегін арнап жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.