Продюсер қазір әйелдерге бұрыс насихат жүргізіліп жатқанына қынжылатынын жасырмады.
«Қазір азаматтың ешқандай қадірі қалған жоқ, бәрін әйел басқарады»: Гүлзира Айдарбекова ренішін білдірді (видео)
183
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасындағы әйел адамның рөлі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер қазір әйелдерге бұрыс насихат жүргізіліп жатқанына қынжылатынын жасырмады. Айтуынша, әйел ер адамнан бір саты төмен тұруы керек.

"Күйеуімнен қиындық көрдім ұрды-соқты, шыдап келдім түк тапқан жоқ содан ажырасып кеттім. Ажырасқан кезде қиналдым. Сосын жұмыс істедім. Қазір көтерілдім, менде вилла бар, джип бар" деп жұрттың бәріне сабағын сатады. Содан кейін жастардың миы айналады. Олар қайбір ақыл айтатын адамдар дейсің. Ене мен келіннің арасына от салады. Бізге аналарымыз әйелдің бір табан кішірейіп тұру керектігін үйреткен. Ата-ене мен азаматты сыйла деген. Қазір азаматтың ешқандай қадірі қалған жоқ. Бәрін әйел басқаратын, әйелдің айтқанымен жүретін уақыт болып кетті. Елді, жерді кім қорғайды? Әркім өз орнын білуі керек. Сен қыз кезіңді еркелік жасадың. Енді ана болған кезде бір үйдің түтінін түтетемін деп келесің ғой. Неге сен қартайған ата-ананы тастап кетуің керек? Өз өмірімді сүргім келеді дейтіндер бар. Оның да уақыты болады", - деді продюсер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.