2025 жылы 1,2 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 11,1 километр³ су пайдаланылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның 9,4 километр³ «Қазсушар» РМК филиалдары арқылы қамтамасыз етілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Министр ауыл шаруашылығы құрылымында бұл су көлемдері саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесті 30%-ға дейін қамтамасыз еткенін атап өтті.