Әлеуметтік желілерде бір отбасының бес баласы газдан уланып қалғаны жөнінде ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, улану туралы ақпарат жедел жәрдем қызметі арқылы 112 пультіне түскен.
БҚО Білім басқармасының мәліметінше, балалар қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Облыстық балалар ауруханасының дерегінше, уланған балалардың ең үлкені – 13 жаста, ал кенжесі – 2 жаста. Қазіргі таңда олардың жағдайы қанағаттанарлық, балалар дәрігерлердің бақылауында.