Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты қоғам алдындағы есеп беру іс-шарасында айтылды.
Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше бала жүріп, сөйлей бастады
102
оқылды

Бұл  еліміз бойынша ашылған «Қамқорлық» оңалту орталықтарының нақты жетістігі. Мамандар мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында бес жыл ішінде түрлі диагноздағы 6,3 мың бала жүріп кетсе, 8,6 мың бала алғаш рет сөйлей бастаған.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты қоғам алдындағы есеп беру іс-шарасында айтылды. 

2020 жылдан бері Қор серіктестерімен бірлесе отырып, еліміздің барлық өңірінде 55 оңалту орталығын ашқан. Соның ішінде бесеуі аралас үлгідегі «Ainala» орталықтары. Бүгінде бұл орталықтар жыл сайын 30 мыңға жуық балаға тегін көмек көрсетеді.