Ағылшын тілін еркін меңгерген, халықаралық тіл байқауында жүлделі орындарға ие болған балақай француз, неміс және түрік тілдерін де үйреніп жүр.
650 кітап оқыған 12 жастағы Әлтайыр жұртты тәнті етті
Фото: Шымкент қаласы Білім басқармасы
146
оқылды

Шымкенттің 12 жастағы тұрғыны Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқып шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кітап оқуға деген қызығушылығы бес жасында басталған оқушы қазір Фараби атындағы мектепте білім алады.

Ағылшын тілін еркін меңгерген, халықаралық тіл байқауында жүлделі орындарға ие болған балақай француз, неміс және түрік тілдерін де үйреніп жүр. Спорттан да кенде емес – семсерлесумен кәсіби түрде айналысады, жүзуге де қатысады.

Шымкент қаласы Білім басқармасы мәліметінше, Әлтайырдың кітапқа деген сүйіспеншілігі орыс тіліндегі «Майнкрафт» кітабынан басталыпты. Қазір қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әдебиеттерді еркін оқиды.

«Күн сайын ұйықтар алдында кем дегенде бір сағат кітап оқимын. Демалыс кезінде, жолға шыққанда, көлікте немесе ұшақта да кітапты қолымнан тастамаймын» деген оқушының бөлмесі бүгінде шағын кітапханаға айналған. Ал шетел әдебиеттерін электронды кітап платформалары арқылы оқиды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.