Аудан әкімдігі мен полиция қайғылы оқиғаны растады.
"Өз-өзіне қол салды": Ақтөбе облысында қала әкімі қаза тапты
www.istockphoto.com
170
оқылды

Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол салып, көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл оқиғаны аудан әкімдігі мен полиция растады. 

– 46 жастағы Еркін Оразбекұлы Далмағамбетовтің мәйіті 20 желтоқсанда кешкі  сағат 9 шамасында үйінен табылған. Қазір өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Марқұм Еркін Далмағамбетов әкімдік қызметке өткен жылдың маусым айынан бері атқарған.