Түркістан облысында отбасылық жанжал ушығып, адам өміріне қауіп төнген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Онда қарт әке өз ұлы оны өлтірмек болғанын айтып, елден көмек сұраған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл бейнежазбаны журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына тікелей жолдағанын көрсетті.
Оқиға Түркістан облысы Жетісай қаласы аумағында болған. Бейнежазбада ер адам ұлының бірнеше рет қорқытып, «өлтіремін» деп қоқан-лоқы көрсеткенін айтады.
Оның сөзінше, полиция шақырылғанымен, нақты қорғаныс шаралары қолданылмаған. Қарт әке ұлы уақытша босап шығуы мүмкін екенін, ал ондай жағдайда өз өміріне нақты қауіп төнетінін жеткізді.
"Түн ортасында мені буындырмақ болды. Онымен екі сағат арпалыстым. Өз өміріме қорқамын", – дейді қария.
Айтуынша, мұндай жағдайдың болуы бірінші рет емес. Желтоқсан айының басында да осындай жанжал шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram