Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді.


Президенттер Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады.


Әсіресе, «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды.


Меймандар бай қоры арқылы дүниежүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.

