«Леванте» U19 сапында доп тебетін 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Алдияр Нұрғали «Эльчеге» қарсы ойында екі гол соқты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ASnews.kzр сайтына сілтеме жасап.
«Қайраттың» жас түлегі Испанияның U19 чемпионаты аясында «Эльчеге» қарсы ойында алаңға шықты. Қазақстандық футболшы ойынның 18 және 67-ші минуттарында гол соқты (2:1). Нұрғали күзде «Кастельон» (5:0), «Талавера» (4:1) және «Сан-Висентеге» (6:0) қарсы ойында да гол соққан еді. Сондай-ақ Еуро-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасына көмектесті.
Тағы бір қазақстандық футболшы Шыңғыс Қалиев дәл осы «Леванте» клубында ойнайды.