Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Финалда отандастарымыз Армения өкілі Ани Амирагян мен түркиялық Ада Кумру жұбынан басым түсіп, кездесуді 5:7, 6:4, 11:9 есебімен аяқтады.
Теннис федерациясы мәліметінше, Асылжан мен Іңкәр үшін бұл - ITF санатындағы ересектер арасындағы әйелдер турында бірге жеңіп алған екінші титул. 2025 жылдың жазында қазақстандық жұп Астанада өткен ITF W15 турнирінде де топ жарған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.