ҚР ІІМ Ұлттық ұланы тарихында сирек кездесетін ерекше оқиға бұл жолы Тараз қаласында тіркелді.
Ұлттық ұланда биыл бір мезетте 4 егіз жұп сарбаз борышын өтеп жүр
баспасөз орталығы
3,093
оқылды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде бір мезетте 4 егіз жұп сарбаз қатар қызмет етіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz⏺

Әскерге шақыру кезінде сарбаздардың егіз екені анықталған сәттен бастап, Ұлттық ұланның әскери бөлім қолбасшылығы оларды бір-бірінен ажыратпай, қатар қызмет етуіне жағдай жасайды. Бұл шешім тек тұрмыстық қолайлылық емес, әскери ортадағы психологиялық тұрақтылық пен өзара қолдауды нығайтудың тиімді үлгісі ретінде бағаланады.

🟡

Ұлттық ұлан қатарына былтыр Алматы облысынан шақыртылған 22 жастағы Диас пен Илияс Төлепбергендер бүгінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүр. Егіздердің бірі – Диас «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып, әскери қызмет пен болашақ кәсіби даму жолын ұштастыра білді.💪

Ал 19 жастағы Эльхан мен Эльшан Нуриевтер үшін әскери қызмет спорттағы жетістіктерін жаңа деңгейге көтерудің алаңына айналды. Олар әскерге дейін де, әскер қатарында да армрестлинг спорт түрінен үздіктер қатарынан көрініп келеді.

⬆️

Түркістан облысынан шақыртылған 19 жастағы Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Беркішовтар егіз болғанымен, сыртқы келбеті мен мінез-құлқы бір-біріне қатты ұқсамайтын ерекше жұп. Алайда қызметке деген жауапкершілік пен тәртіпке адалдық оларды бір мақсатта тоғыстырады.🔎

Шымкенттік Аман мен Есен Қонар – көпбалалы отбасының үлкендері. Олардың артынан ерген екі ұл мен төрт қыз бар. Бүгінде егіз сарбаздар №58 түзеу мекемесінде қарауылдық қызмет атқарып, отбасына үлгі болумен қатар, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жүр.


Ұлттық ұлан сапында бір мезетте бірнеше егіз жұптың қызмет етуі – бұл әскери құрылымдағы адамгершілік, бауырмалдық пен әскери тәртіптің үйлесімді көрінісі. Мұндай сирек жайттар әскери қызметтің тек қатаң талаптарға емес, рухани тұтастыққа да негізделетінін айқын дәлелдейді.