Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Әкімшілігінде көлік-логистика бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
226
оқылды

Азамат Кескінбаев Президент Әкімшілігінің көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды,  делінген ресми ақпаратта.

Азамат Кескінбаев 2009 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы Мәскеудегі Жоғары экономика мектебінде экономика магистрі дәрежесін алған.

Бұған дейін ол "Қазпошта" АҚ басқарма мүшесі, қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.