Ведомствоның мәліметінше, іздестіру жұмыстары Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті маңында ұйымдастырылған.
«Мал қарауға кеткен»: Қарағандыда егде жастағы ер адам жоғалып кетті
184
оқылды

Қарағанды облысында 1953 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, іздестіру жұмыстары Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті маңында ұйымдастырылған. Алдын ала деректер бойынша, азамат 18 желтоқсанда Toyota Land Cruiser көлігімен мал қарауға шығып, сол уақыттан бері байланысқа шықпаған. Оның жоғалғаны туралы ақпарат 21 желтоқсан күні сағат 01:55-те Қарағанды облысының ТЖ департаментіне түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі, полиция қызметкерлері, еріктілер және жоғалған адамның туыстары жұмылдырылған. Іздеу барысында екі ұшқышсыз ұшу аппараты, Starlink спутниктік байланыс жүйесі және «Қазавиақұтқару» АҚ-ның әуе кемесі пайдаланылуда. Іздеу жұмыстары ықтимал бағыттар мен аумақтарды қамти отырып, тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр.