Актриса кезінде Асанәлі Әшімов ұстаз, дос ретінде өзіне қамқорлық жасағанын атап өтті.
Меруерт Өтекешова: Төлегенімнен кейін Бекежаным алыс сапарға кетті...
127
оқылды

Әйгілі актер Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімінде «Қыз Жібек» фильмінде Жібек рөлін сомдаған актриса, Халық әртісі Меруерт Өтекешова актер туралы естелік айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса кезінде Асанәлі Әшімов ұстаз, дос ретінде өзіне қамқорлық жасағанын атап өтті. 

«Халық Асанәлі ағамызды ешқашан ұмытпайды. Тірі кезінде ағамыз өнер, отбасы туралы қаншама кітап шығарды. Біздің жазушылар Асанәлі ағамызға арналған әлі талай кітап шығарады деп ойлаймын. Ол кісі туралы жазатын дүние әлі де көп. Асанәлі ағамыздың ойнаған рөлдері, режиссер ретіндегі еңбегі туралы айтылмаған дүние көп. Маған Асанәлі ағамыз аға, актер, ұстаз, дос ретінде көп көмек көрсетті. Мен өнер жолын алғаш бастағанда өте жас, он жетіде болдым. Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға бүгіннен бастап алыс жолға кетті. ...Әттең, 1 жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланатын еді. Денсаулығы жақсы, бірге тойлаймыз деуші едік», — дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.