Тележүргізуші Дана Нұржігіт шетелдік бағдарламаға қатысқан әнші Ернар Садырбаевты сынады, – деп жазды Aikyn.kz.
Тележүргізуші әншінің мұндай шоу бағдарламаға қатысуын орынсыз деп бағалаған.
«Біздің жұлдыздарға мұндай шоуға қатысудың не қажеті бар? Ернар мойындалған әнші. Ол вокалдан мықты сарапшы маман. Оны бағалау үшін осындай бағдарламаларға қатысудың не керегі бар?! Біздікілер үшін ішің ашиды екен. Ол бұл кезеңнен әлдеқашан өткен. Ернардың өз жолы бар суреткер. Біреудің мойындауына зәру емес!» - деді тележүргізуші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.