Сот шешімімен ол марқұмның туыстарына моральдық зиян келтіргені үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.
Түркістан облысында қылмыскер 16 жастағы қызды зорлап, өлтірген
175
оқылды

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтірді деп айыпталған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Almaty.tv. сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға биыл маусымда Төрткүл ауылында болған. Дүкенде жұмыс істеген жасөспірім қыз үйіне қайтып бара жатқан кезде із-түзсіз жоғалып кеткен. Келесі күні полиция марқұмның денесін жол бойындағы балабақша маңынан тапқан. Күдікті ретінде дүкен маңында жұмыс істеген шетел азаматы ұсталды. Істің ерекшелігіне байланысты негізгі сот отырысы жабық режимде өтті.  Қылмыстық іс "Кісі өлтіру", "Зорлау" және "Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері" баптары бойынша қаралды.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Алайда тергеу материалдары оның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді.

"Исамединовқа түпкілікті педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Исамединовқа жазаны қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде өтеуді белгілеп, қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын", - деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев.