Бұл туралы Индира әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ауруханаға жатуға тура келді»: Гүлзира Айдарбекованың келіні оқыс жағдайға тап болды
139
оқылды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні Индира Мәуленова денсаулығына байланысты жағымсыз жағдайға тап болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Индира әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, үш айлық сәбиімен бірге шұғыл түрде ауруханаға түсуіне қар жауған күні болған оқыс жағдай себеп болған.

«Қар жауған күні баламды педиатрға тексеруге апарған едім. Сол сәтте аяғым тайып кетіп, мұзға құлап қалдым. Құдай сақтап, балама ештеңе болған жоқ. Ал өзім беліммен құлап, жарықшақ алдым. Баламмен бірге үш күн ауруханада жатуға тура келді», – деп жазды ол.

Индираның сөзінше, ауруханада жанында көмекшісі болған. Қазіргі таңда оның жағдайы бірқалыпты.

«Қазір бәрі жақсы. Заңғар қолдау көрсетіп, барлық шаруаны өзі атқарып жүр. Маған бір айға төсек режимі тағайындалды. Отыруға болмайды, тек жатып немесе түрегеп тамақтануым керек. Алты апта бойы корсет кию қажет. Сондай-ақ үш килодан ауыр зат көтеруге тыйым салынды», – дейді ол.

Айта кеткен жөн, дәл осы жағдай Индира Мәуленованың әлеуметтік желілерде уақытша көрінбей кетуіне себеп болған.