Қазгидромет 7 қазанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылады. Солтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын болса, кей өңірлерде желдің екпіні 25-28 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының түнде және таңертең солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қарағанды қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Өскемен қаласында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
