Ақмола облысында қар, боран және көктайғақ болады.
Боран, көктайғақ болады: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
171
оқылды

Қазгидромет ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 25 желтоқсанда Астанада қар, боран, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақытта екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман болады.

Абай облысының солтүстігінде аздаған қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстіктен соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында қар, боран және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, шығысында және таулы аймақтарында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері ауданында жел шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысының батысында, шығысында және орталығында тұман және көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран және көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз таулы асуларда екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау облысында қар, боран және көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.