Кеш мемлекет және музыка өнерінің көрнекті қайраткері Жексембек Еркімбековтің 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Астанада Серік Еркімбековтің «Өмір желі» авторлық кеші өтті
баспасөз орталығы
158
оқылды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, танымал пианист Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл кеште композитордың музыкалық шығармашылығын қамтитын концерттік бағдарлама ұсынылды. Атап айтқанда, «Өмір желі», «Гауһар», «Жер-Аспан», «Алтын-арқа», «Анаға арнау», «Шат көңіл»,  Vocalise, «Дархан дала», сондай-ақ  опералардан үзінділер, халық әндері, ұлттық билер және т.б. орындалды. 

Іс-шара мемлекет және музыка өнерінің көрнекті қайраткері Жексембек Еркімбековтің 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекболат Байсағатов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Измаилов, Клара Төленбаева, Бибігүл Жанұзақ, Ерлан Рысқали, Талғат Мұсабаев, Жұпар Ғабдулина, Медет Чотабаев, Салтанат Ахметова, Париждегі А. Рубинштейн атындағы халықаралық пианистер байқауының лауреаты Нұргүл Нүсіпжанова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Дина Мирманова, Мақсат Медеубек, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Самат Жексенбаев, Ақбике Алғи, Саджана Мурзалиева, Дильназ Омархан, Ибраһим Амин және Айым Қоғам қатысты. 

Сондай-ақ сахнада Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі (дирижер:  Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенов), ҚазҰӨУ хоры,  Gulder  ансамблінің балеті,  Birlik  би ансамблі, ҚазҰӨУ-дың скрипкашылары мен қобызшылар ансамблі және Астана қаласы мектептерінің «Балдәурен» балалар хоры өнер көрсетті.