Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды.
Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді
Фото: "Абай" телеарнасы
241
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарлық мәтіні:

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы

2025 жылғы 25 желтоқсан

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 25 желтоқсан

                   № 1137

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.