Қазгидромет 26 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада 26 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта 26 желтоқсанда күндіз жолдарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ұлытау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың шығысында кқалың қар түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Жезқазғанда 26 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 30, оңтүстігінде 15 градус аяз болады деп күтіледі. Семейде 26 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте 26 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 26 желтоқсанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар),, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қарағандыда 26 желтоқсанда түнде және таңертең қалың қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Кей уақыттарда тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 26 желтоқсанда күндіз аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың батысына, солтүстігіне, шығысына қалың қар түседі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде 26 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
26 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз болатыны болжанады. Ақтауда 26 желтоқсанда көктайғақ болады.
Түнде Қызылорда облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Қызылордада 26 желтоқсанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады.
Түнде Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 26 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді.
Түнде Жетісу облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ, облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таразда 26 желтоқсанда күндіз көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетіп, таңертең және күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда 30 м/с және одан аса болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.