Студенттердің көбі, яғни, 69,5% - 17-20 жастағы студенттер.
Елдегі студенттердің 52,5 пайызы – қыздар
105
оқылды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы студенттердің саны, жасы және біліміне қатысты ақпарат таратты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Дереккөзге сүйенсек, елімізде 116 университет бар. Ондағы студенттердің жалпы саны 678 мың адамнан асады. Осы 678 мың студенттің жартысынан көбі, яғни, 52,5% – қыздар.

«Биыл оқуға түскен студенттердің көбі педагогика ғылымдарын таңдаған – 25,4%. Екінші орында инженерлік, өңдеу және құрылыс саласының болашақ мамандары, үшінші орында - бизнес, басқару және құқық мамандары», - деп жазылған статистикада.

Сондай-ақ, Ұлттық статистика бюросы студенттердің жасына қатысты ақпарат берген. Студенттердің көбі, яғни, 69,5% - 17-20 жастағы студенттер. Бұдан өзге, 25 студенттің жасы небары 15-те болса, 40 жастан асқан студенттердің саны 11 мыңнан асқан.