Назым Қахарман бір жарым жылдан бері соттасып жатқан дауда ұтылған.
"Прокурор да, судья да Қуандықты жақтап тұр": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларына қатысты сот дауын айтты
166
оқылды

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман ортақ балаларына қатысты сот дауларының жаңа кезеңі басталғанын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Назым Қахарман Instagram парақшасында бастапқыдан-ақ экс-министрдің балаларды «жай ғана» қоя салмайтынын, қысым көрсететінін түсінгенін жазды.

Оның айтуынша, бір жарым жылдан бері созылып келе жатқан сот жайында ешкімге жария етпеген.

– Шыныңды айтсам, арадағы нәрсені елге жария етпедім. Өйткені өзіме де оңай емес.  Бірақ оқырмандардың арасында осындай сот дауында жүргендер көп екен. Бұл жайында  біраз сұрақтар да түсті. Сол себепті сот процесін толыққанды айтып отыруды шештім. Біреуге болса да көмегі тиер. Елімізде баласын әкесінен қорғай алмай жатқан ана көп, – дейді Назым Қахарман.

Естеріңізде болса, Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Назым Қахарман шілде айында Бишімбаевты сотқа беріп, әкелік құқығынан айыруды сұраған.

Соты жеңемін деген сенімде болдым. Бірақ жеңіліп қалдым. Істің барысында судья да, прокурор да Қуандықты жақтап тұрғандай көрінді. Олардың айтуынша, Қуандық марқұм Салтанатпен заңды некеде тұрмаған, нашақор емес, алқаш емес, сондықтан әкелік құқығы өзінде қалады. Тек Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың дұрыс жасаған жалғыз шешімі — Қуандықты маған сенімхат рәсімдеуге және балалардың өз бетінше шетелге шығуына келісім беруге міндеттеген», –деді Назым Қахарман.

Оның сөзінше, дәл осы құжаттардың төңірегінде қазір сот даулары жалғасып жатыр. Себебі шешімдер шыққаннан кейін бір жылға жетпей Бишімбаев бұрын берілген барлық сенімхаттар мен келісімдерді кері қайтарып алған. 

«Бүгінгі тәжірибем мен эмоцияларыммен бөлісіп отырамын деп шештім. Жалпы, бұл – сериал болады», – деді Назым Қахарман.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nazym Kakharman (@nazymkakharman)