Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушыларының бірі әншіге қыз туып алуға кеңес берген.
«Қыз бала анаға қамқор. Ақымақ болма. 2 баламен тоқтама. Райм жас өйткені. Ақымақ болмай 1 қыз ту», - деген оқырман хатын әнші жауапсыз қалдырмады.
«Ақымак болма дегені нес? Осы қыз ту деген тақырыпқа нүкте қояйықшы. Өтініш! Мен тағы туамын деп көтергеніммен, Аллах тағы ұл бұйыртса құрсағыма, сол кезде кімге ренжисіз? Кімді ақымақ санар едіңіз? Неге Құдайдың рөліне кіріп кете бересіздер? 2 жыл қатарынан аяғым ауыр болды. Өзімнің босанғаныма 6-ақ ай. Жанталасып қыз керек деп жоспарлап эко, анау-мынау жасатқым келмейді. Күйеуіміз екеуміздің деніміз сау, шүкір! Уақыт өте бәлкім болса, Алланың берген ұлын немесе қызын табамыз. Туғызбаса туймаймыз, осы үш ұлдың қызығын көруді жазсын! Сәбисіз жүрген қаншама отбасы бар. Тек қызы бар, ұлы жоқ немесе тек ұлы бар, қызы жоқ отбасыларда бар. Өмір сүріп жатыр ғой тым жақсысы. Неге артық әңгіме айтасыздар? Қыз керек, қамқор болады, саған жақсы болсын деп айтып жатырмыз дегенді жазбай-ақ қойыңыздар. Қыз болсын, ұл болсын ең бастысы сана берсін деп тілеймін мен. Кім кімге қамқор болатынын уақыт көрсетеді. Асылық сөйлеуден аулақ болыңыздар. Біз өз өмірімізді сүрейік, сіздер де өз өмірлеріңізді сүріңіздер. Өтініш!» - деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.