Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар тағы 182 қазақстандыққа ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.
Грант иегерлерінің толық тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.