Теміртау қаласында қоғамдық көлікте болған жанжал салдарынан 18 жастағы жолаушының аяғынан пышақ жарақаты алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тараған, - деп жазады Tengrinews.kz
Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал екі жолаушының терезені ашу туралы дауы салдарынан басталған. Сөз талас төбелеске ұласып, оның соңы пышақ жарақатына әкелген. Куәгерлер полиция мен жедел жәрдем шақырған.
Полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысы Полиция департаменті оқиға жан-жақты тергеліп жатқанын, агрессия мен зорлықтың кез келген түрі заң аясында қатаң басылатындығын мәлімдеді.