Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
«Жел, тұман, көктайғақ»: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
136
оқылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Атырау облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 28 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында тұман куүтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қ.: 28 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 28 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 28 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ: 28 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.