Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында қыс қаһарына мінеді. Жолдарда тұман болуы мүмкін.
Қар жауып, боран соғады: 29 желтоқсанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
286
оқылды

Қазгидромет 29 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады.  Солтүстікте боран соқса, оңтүстік пен батыс өңірлерді қалың тұман мен көктайғақ болады.

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында қыс қаһарына мінеді. Жолдарда тұман болуы мүмкін.

Ақмола облысы мен Астанада күндіз қар жауып, боран соғады. Жолдарда көктайғақ болып, желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстанда (Петропавл) күндіз қар аралас боран соғып, жел күшейеді.

Қостанай облысында қар жауып, боран болады. Қостанай қаласында қар жауады.

Ұлытау мен Қарағандыда күн соңында қар жауып, тұман түседі деп болжанып отыр.

Оңтүстік өңірлердегі жолдардағы көріну деңгейінің нашарлайды және көктайғақ болады.

Алматы мен Алматы облысында түнде және таңертең қалың тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Қонаев қаласында да жел күшейіп, тұман түсмеді.

Түркістан және Жамбыл облыстарында таулы асуларда желдің жылдамдығы 20 м/с жетеді. Таулы аймақтарды тұман басады.

Жетісу облысы мен Талдықорғанда тұман түсіп, жел соғады.

Шығыс Қазақстан мен Абай облысы Жарма ауданында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстанда ауа температурасының құбылмалы болады, жолдарда көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде қар қалың жауып, боран соғады. Ақтөбе қаласында көктайғақ болады.

Атырау мен Маңғыстау өңірлерінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.