Димаш Құдайберген Нұрлан Сегізбаевтің «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған бейнесі балалық шақтың жарқын естелігі екенін атап өткен.
«Қош бол, Қожа...»: Димаш қазақ халқына көңіл айтты
173
оқылды

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі актер Нұрлан Сегізбаевтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Димаш Құдайберген Нұрлан Сегізбаевтің «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған бейнесі балалық шақтың жарқын естелігі екенін атап өткен.

«Қош бол, Қожа. Балалық шағымыз үшін рақмет. Жаныңыз жәннатта болсын, Нұрлан аға», - деп жазды Димаш Құдайберген. 

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. 

Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.