Жаңа жыл қарсаңында барлығы ағайын-туғанын, жақындарын қуантқысы келеді. Отбасы, ошақ қасында қарсалып қана қоймай, оларға сыйлық жасауға тырысады. Міне, сондай кезде алған сыйлықтарыңыз ұшаққа отырарда жарамсыз танылып, ұшпай қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан қандай сыйлықтардың ұшақта өткізілмейтіні анықталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Air Astana, FlyArystan, SCAT және Vietjet Qazaqstan секілді елеміздің барлық авиакомпаниялары пиротехникалық заттарды тасымалдауға рұқсат бермейді. Оның кішкентай көлемдегі бір данасы болса да қол жүгі түгілі багажға өткізуге тыйым салынған. Тіпті, ресми дүкеннен алып, дұрыс қапталған болса да өткізу мүмкін емес. Оның ішіне сіріңке де кіреді. Нақтырақ айтсақ, құрамында оттегісі көп аэрозолдар, тез отқа тұтанатын сұйықтықтар, ағартқыш ұнтақтар өткізілмейді. Егер ондай өнімнің бірі анықталса, зат тәркіленіп, иесіне қайтарылмайды. Ал әзіл ретінде отты қару, немесе от тұтатқыштарын алып кірсе, заттың иесі ұшақтан түсіріліп, ұшуына тыйым салынуы да мүмкін.
Сонымен қатар, SCAT авиакомпаниясының ережесінде шикі ет пен ет өнімдері өткізілмейді. Оған қоса сүт өнімдерінің бірде бірі қол жүгіне салынбайды. Жалпы, қол жүгіндегі кез-келген сұйықтық 100 мл-ден аспауы тиіс. Бір адамға сұйықтықтың мөлшері 1 литрдан аспауы қажет. Ал егер жаңа жылдық дастарқанға шарап не шампан алсаңыздар, оны жүк бөліміне өткізу керек.