Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады.
Көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді: 30 желтоқсанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
162
оқылды

Қазгидромет 30 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады, күннің бірінші жартысында облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың тау асуларындағы екпіні 23 м/с дейін жетеді. Шымкентте 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 30 желтоқсанда түнде нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман болады.

Түнде Ұлытау облысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Жезқазғанда 30 желтоқсанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 30 желтоқсанда қар бұрқасындатады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 30 желтоқсанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Ақтөбеде 30 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 30 желтоқсанда қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады.

Күндіз Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодарда 30 желтоқсанда күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында,ы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 30 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде қалың қар түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанайда 30 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар),, көктайғақ, тұман болады, бұрқасын жүреді, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Көкшетауда 30 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қонаевта 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 30 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.

30-31 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 30 м/с дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.