Бұл – соңғы 5 жыл ішіндегі кіріс.
«Сергек» камерасы: алматылықтар 94 миллиард теңге айыппұл төледі
642
оқылды

«Сергек» камераларының арқасында Алматы қазынасына 94 миллиард теңге түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл туралы Алматы мәслихаты депутаттарының отырысында Қала цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында «Сергек» компаниясымен келісімді 1 жылға ұзарту мәселесі қаралды.

–  Шарттың қолданылу мерзімінің 5 жыл ішінде барлығы өндірілді. 14 миллиард теңге мемлекеттік міндеттемелерді алып тастағанда 5 жыл ішінде 94 миллиард теңге айыппұл өндірілді. Бұл қаржы Алматы қаласының бюджетіне түседі, – деді Мейрам Дүйсеков.