Мемлекет басшысы Жаңа жыл мерекесіндегі құттықтауында қазір мүлдем жаңа құбылыстар және зор мүмкіндіктер дәуірі екенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Президент әркім ең алдымен, өзіне, бойындағы күші мен қабілетіне сенуі керек екенін айтты.
«Бүгін осы ерекше сәтте жастар мен балаларға үндеу жолдағым келеді. Қазір – мүлдем жаңа құбылыстар және зор мүмкіндіктер дәуірі. Әркім, ең алдымен, өзіне, бойындағы күші мен қабілетіне сенуі керек. Ұлы Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзі әрдайым өзекті. Белсенді, білімді, еңбекқор, тәртіпті, ұшқыр болыңыздар. Жолдарыңыз ашық болсын! Әрқашан алар асуларыңыз биік болсын! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін! Төрт құбыламыз түгел болсын! Әр шаңырақ жақсылыққа толсын! Көк туымыз мәңгі желбіресін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы, Қазақ Елі жасай берсін! Жаңа жыл құтты болсын!» - деді Президент.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.