Қаңтар айындағы жұмыс және демалыс күндерінің тәртібі жұмыс аптасының ұзақтығына қарай төмендегідей белгіленген.
Қаңтар айында қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды
317
оқылды

Жаңа жылдың басталуы әдеттегідей мерекелік демалыс күндерімен бірге келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қаңтар айындағы жұмыс және демалыс күндерінің тәртібі жұмыс аптасының ұзақтығына қарай төмендегідей белгіленген.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

1–2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне орай демалыс күндері;
3–4 қаңтар — демалыс;
5–6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесіне байланысты демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

1–2 қаңтар — мерекелік демалыс;
3 қаңтар — жұмыс күні;
4 қаңтар — демалыс;
5–6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесіне орай демалыс күні.