Бұл туралы LDUBB Boxing YouTube-арнасының авторы әрі инсайдер Буг Уильямс айтты.
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулдарынан айырылуы мүмкін
307
оқылды

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы күндері бір немесе екі чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы LDUBB Boxing YouTube-арнасының авторы әрі инсайдер Буг Уильямс айтты.

Айта кету керек, желтоқсан айында алынған допинг-сынаманың нәтижесінде Жәнібектің ағзасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылған. Қазіргі уақытта ресми тексеру жалғасуда. 8 қаңтарда оның «B» сынамасы ашылады. Егер бұл сынамадан да мельдоний анықталса, «Қазақ стиліне» тәртіптік шаралар қолданылуы ықтимал.

Инсайдер Уильямстың жазбасына пікір білдірген оқырмандардың бірі мұндай жағдайда IBF бос тұрған чемпиондық белбеуді 31 қаңтарда өтетін WBC чемпионы Карлос Адамес пен Остин Уильямс арасындағы жекпе-жекке тігуі мүмкін екенін болжады. Бұған жауап ретінде Уильямс:

«Көре жатармыз. Бірақ Жәнібек келесі аптада титулынан айырылуы мүмкін»,-деп жауап берді.

 

Еске сала кетейік, дәл осы допинг-сынама нәтижесінің шығуына байланысты 7 желтоқсанда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек тоқтатылған еді.