Қазгидромет 3 қаңтарда ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астана мен Көкшетауда көктайғақ болады.
Ақмола облысында түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде қар және боран болады. Жолдарда көктайғақ, кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан облысында солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман болжанады. Таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында батыс, солтүстік және орталық бөлігінде көктайғақ пен тұман болады.
Ақтөбе облысында түнде қар күтіліп, ал күндіз облыстың шығысында қар жауады. Оңтүстік пен шығыста боран, батыс пен солтүстікте тұман болады. Желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа дейін артады.
Атырау облысында солтүстік және шығыс аймақтарда тұман мен көктайғақ болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік, батыс және солтүстік бөліктерде тұман болады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік-батыста аздаған қар және боран болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерде тұман болады. Кей жерлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз батыс пен солтүстікте көктайғақ, кей жерлерде тұман болжанады.
Ұлытау облысында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және боран болады. Кейбір аудандарда тұман болуы мүмкін.
Жамбыл облысында солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман болжанады. Таулы жерлерде жел 15–20 м/с-қа дейін, кей тұстарда 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда тұман болады. Кейбір аудандарда жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысында солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерде тұман болады.
Жетісу облысында түнде және таңертең орталық және таулы аудандарда мезгіл-мезгіл тұман түседі. Кей жерлерде жел 17–22 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда қар, боран және көктайғақ болады. Кейбір аудандарда тұман түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.