Әнші бұл көріністі оқырмандарына әзілмен жеткізген.
Танымал әнші отыздан асқанда тұсауын кестірді (видео)
92
оқылды

Әнші Гүлмира Ізбасқан әлеуметтік желіде видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол бала күнінде жасалмаған тұсау кесу рәсімін ересек шағында жасауды жөн көргенін айтады. Әнші бұл көріністі оқырмандарына әзілмен жеткізген.

«Ассалаумағалейкум. Жаңа жылда папашка мен мамашканың үйіне барсам, сыйлық дайындап қойыпты, тұсауымды кесті. Бәсе, сондай бірнәрсесі бар әйтеуір. Жаңа жылдарыңызбен, жақсы көремін сіздерді. Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30-дан асқан соң тұсау кескен қалай екен?» – дейді әнші. 

Желі қолданушылары оған ақ тілегін айтып, пікір білдіріп жатыр. Әншінің анасы да қызына батасын берген.

«Табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол. Өнерің өрлей берсін. Елдің елеулі, халықтың қалаулысы бол, қызым!» – деді анасы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Izbaskhan (@gulmira_izbaskhanova)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.